
«Талғар ауданы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2023 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің қолданысқа енгізілетінін хабарлайды, осыған байланысты Еңбек мобильділігі орталықтарын құру қарастырылған. Жұмыс істеп тұрған Жұмыспен қамту орталықтары Еңбек мобильділігі орталықтарының филиалдары болып табылатын Мансап орталықтарына қайта құрылуда.
Осыған байланысты Мансап орталықтары түріндегі филиалдары бар Еңбек мобильділігі орталығын құру мақсатында Жұмыспен қамту орталығын тарату рәсімі басталды.
Жоғарыда айтылғандарды негізге ала отырып, 2023 жылғы 1 шілдеден бастап қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруға және қаржыландыруға арналған шарттарды, әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруға және қаржыландыруға арналған шарттарды, жастар тәжірибесін ұйымдастыруға және қаржыландыруға арналған шарттарды, кәсіптік оқытуды ұйымдастыру, кәсіптік оқытуға әлеуметтік келісімшарттар, сондай-ақ жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға гранттық келісім-шарттар бұзылуы туралы хабарлайды.
Сонымен қатар, бұзылған келісім-шарттар құрылған Еңбек мобильділігі орталығымен қайта келісілетінін хабарлаймыз, ол кейінірек хабарланады.