
Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алуға арналған шараға сол тұстағы солақай саясаттың құрбанына айналған тұлғалардың ұрпақтары қатысты.
Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев, Талғар ауданының әкімі Танат Айдарбеков, Саяси қуғын-сүргін құрбандарының ұрпақтары Ахмет Байтұрсынұлы музей-үйінің жетекшісі, «Тіл – құрал» оқу-әдістемелік, ғылыми зерттеу орталығының директоры Райхан Имахамбет , қазақтың көрнекті саяси және қоғам қайраткері,алаш қозғалысының негізін салушылардың бірі, Мұхаметжан Тынышбайұлының немересі Тынышпаева Нұршекен, қоғам және мемлекет қайраткері Ыдырыс Көшкіновтың шөбересі Ыдырыс Дархан, шет елден келген тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Байдилдеев Жумагул, Қырғыз Республикасының «Ата – бейит» ұлттық тарихи мемориалдық комплекс директоры Боромбаев Рыскул , тарихшылар әрі мемлекеттік комиссия мүшелері Әбжанов Хангелді мен Қойгелдиев Мәмбет және өңірлік саяси құғын-сүргін комиссиясының мүшелері қатысты.
Осыған орай, Талғар ауданының әкімі басқа да қатысушылармен бірге ескерткішке гүл шоқтарын қойып, марқұмдарға құран бағыштады.