
Бұл кәсіпорын 2018 жылы құрылды, жұмыс барысында екі жаңа өндірістік желі бойынша салынған инвестициялар 5 млрд.теңгені құрады. Қытайдан келген үздік технологтар шақырылды. "NUR KAGAZY" ЖШС жобасын жүзеге асыру жаңа жұмыс орындарын құруға ықпал етеді, ашылған жұмыс орындарының саны - 258 адам, қызметкерлердің жалпы санының 95% - ы Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылады. Бюджетке салық аударымдары-шамамен 1 млрд. теңге.
"NUR KAGAZY" ЖШС макулатураны қайта өңдеу желісін және картон мен қағаз жасау желісін сатып алды. Кәсіпорын жұмысының негізгі мақсаты Қазақстан Республикасы кәсіпорындары мен халқының сапасы жағынан шетелдік аналогтардан кем түспейтін жоғары сапалы қағаз өнімдеріне қажеттілігін қанағаттандыру және өндірілетін картон мен қағаздың экспорты болып табылады.