
Бағдарламаны ерекше балалар тәрбиелеп отырған отбасылар, көпбалалы аналар және Бесағаш ауылындағы орта мектеп қамқоршылығындағы балалар мектептің әлеуметтік педагогтарымен, сондай-ақ "Аяла" Талғар арнаулы қызмет көрсету орталығының қызметкерлері мен тәрбиеленушілері тамашалады.
Концерттік бағдарламаға Бесағаш мәдениет үйінің өнерпаздары мен Алматы облыстық Сүйінбай атындағы филармония әншілері қатысып, көрермендерге мерекелік көңіл-күй сыйлады.
Орталықтың атынан барлық өнерпаздарға алғыс хат пен кішігірім сыйлықтар берілді.