
Алматы қаласынан қатынайтын №207 (ұзындығы 7,5 м) автобус маршртуттарына күнделікті кептеліс уақытта адамдардың көптігінен автобустарға сыймай қалғандықтан тұрғындардың тарапынан көптеген наразылықтары туындаған болатын.
Бұл мәселені шешу мақсатында біздің тарапымыздан Алматы қалалық мобильдік басқармасына автобустың сыйымдылығын ұлғайту бойынша келісім берілді.
Тасымалдаушы «Думан-Транс» ЖШС-гі 22 бірлік автобустар алды, бүгіннен бастап «Алматы-Талғар» бағытымен жүретін №207 автобус маршрутына (барлығы 20 автобус жұмыс атқарады, 2 резервте, жүру интервалы 7 минут.) сыймдылығы 30 орындық (80 адамға дейін), ұзындығы 11,5м автобустар жіберілді.
Бұрынғы ескі автостанцияға сыймағандықтан жүру схемасына өзгеріс енгізіліп, Қонаев көшесі мен Рысқұлов көшесінің қилысына соңғы аялдама белгіленді. Болашақта барлық жағдайы жасалған жаңа автостанция салу жоспарлануда.
Сонымен қатар, жаңа автобустарда мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған түсіп-шығу құрылғылары бар.
Талғар ауданы әкімінің қолдауымен
Талғар ауданының ТҮКШ,ЖК,АЖ және ТҮИ бөлімі