
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының (бұдан әрі - сайлау туралы Конституциялық заң) 10-бабына сәйкес Алматы облысы Талғар аудандық мәслихаты жаңа құрылған 4 сайлау учаскелерінің сайлау комиссияларын құрамын қалыптастыру туралы хабарлайды.
Учаскелік сайлау комиссияларының сандық құрамын учаскелердегі сайлаушылардың санына қарай қалалық аумақтық сайлау комиссиясы айқындайды.
Әрбір саяси партия тиісті сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатура ұсынуға құқылы.
Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына аталған саяси партияның мүшелері болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқылы.
Саяси партиялардан ұсыныстар түспеген жағдайда мәслихаттар сайлау комиссиясын өзге қоғамдық бірлестіктердің және жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлайды.
Саяси партиялар, өзге қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері және құрылатындарға қатысты жоғары тұрған сайлау комиссиялары 2022 жылғы 29 желтоқсаннан бастап 2023 жылғы 12 қаңтарға дейін мәслихатқа келесі құжаттарды ұсынады:
1) сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы белгіленген нысандағы электронды және қағаз түрінде мәліметтер;
2) тиісті сайлау комиссияларының құрамына кандидаттар ұсыну туралы саяси партияның, қоғамдық бірлестіктің немесе олардың филиалдарының (өкілдіктерінің), жоғары тұрған сайлау комиссияларының шешімдерінен үзінді;
3) саяси партияны, қоғамдық бірлестікті немесе олардың филиалдарын (өкілдіктерін) тіркеу туралы құжаттың көшірмесі;
4) кандидаттардың сайлау комиссиясының жұмысына белгіленген нысан бойынша қатысуға келісімі туралы өтініштері.
Сайлау комиссиялары құрамына кандидатуралар туралы мәліметтердің, кандидаттардың сайлау комиссияларының жұмысына қатысуға келісім беруі туралы өтініштерінің нысаны мәслихаттың сайтына орналастырылған.
Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын тұлға сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сай болуы тиіс.
Сайлау комиссиясының мүшесі осы комиссияның құрамын қалыптастырған мәслихат орналасқан әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында тұруға тиіс.
Осы Конституциялық заңның 23-бабының 3-тармағында көзделген сайлау учаскелерін құру жағдайларын қоспағанда, сайлау комиссиясы құрамының жартысынан көбі бір ұйымның жұмыскерлері болмауға тиіс.
Бір сайлау комиссиясының құрамына жақын туыстары (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды.
Мәслихатқа ұсынылатын барлық қағаз нұсқадағы құжаттарда басшының қолы қойылған, мөрмен бекітілген және орындалу датасы, орындаушының фамилиясы, аты-жөні мен телефон нөмірі көрсетілген болуы тиіс.
Сайлау комиссиясының құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау 2023 жылғы 12 қаңтарға дейін дүйсенбі мен жұма аралығында сағ. 09:00-ден 18:30-ға дейін, үзіліс сағ.13:00-ден 14:30-ға дейін.
Талғар аудандық мәслихаты
Талғар аудандық мәслихатының хатшысы – Әлібеков М.Б.
Мәслихаттың орналасқан жері: Талғар қаласы, Қонаев көшесі, 65 үй, 4 қабат, 401 кабинет.
Жауапты тұлға – Амантайқызы Гауһар, № 401 каб., қалааралық телефонкоды (872774), қызметтік, ұялы телефондарының нөмірі: 20692, 87017417408, электрондық пошта мекенжайы – talgar-maslihat@mail.ru.
|
№ р/с |
Сайлау округінің нөмірі |
Сайлау комиссиясының орналасқан жері |
Сайлау комиссиясы мүшелерінің саны
|
|
1 |
2 |
3 |
4 |
|
Учаскелік сайлау комиссиялары – 4 |
|||
|
1. |
№981 |
Талғар қаласы, Қонаев көшесі № 97, «Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Облыстық психикалық денсаулық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны. |
5 |
|
2. |
№982 |
Талғар қаласы, Абылай хан көшесі № 120, «Қазақстан Республикасы Ішкі Істер Министрілігі Алматы облысының полиция департаменті» мемлекеттік мекемесі. |
5 |
|
3. |
№983 |
Жаңа Куат 291/292, «Жеке-меншік білім беру мектебі «ДАНА»» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің әкімшілік ғимараты. |
7 |
|
4. |
№984 |
Жаңалық ауылы, Х. Омаров көшесі № 13, «Алматы облысы білім басқармасының Талғар ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Ілияс Жансүгіров атындағы мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар № 37 жалпы білім беретін орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі. |
7 |
(мәслихаттың толық атауы)
______________________________________________хатшысына
____________________________________________________
(өтініш берушінің Т.А.Ә.)
облыс, Астана қ., Алматы қ., Шымкент қ.,
___________________________________________тұратын
аудан, елді мекен, көше, үй, пәтер)
______________________________________________________
(қызметтік, пәтерінің, ұялы телефонының нөмері)
Өтініш
Мен,___________________________________________________________________________
(өтініш берушінің Т.А.Ә.)
Қазақстан Республикасының азаматы, ______________________________________________________ __________________________________________________________________________ ұсынылушы (саяси партия, өзге қоғамдық бірлестік, жоғарғы тұрған сайлау комиссиясының атауы)
________________________________________________жұмысына қатысуға өз келісімімді беремін
(сайлау комиссиясының атауы)
Сайлау жүйесінде жұмыс өтілім бар _______________________________________
(иә, ___ жыл/ жоқ)
Жабылмаған немесе алынбаған соттығым жоқ.
Саяси мемлекеттік қызметшінің лауазымын иеленбеймін.
Парламент депутаты, басқа жергілікті өзін–өзі басқару органдарының, Қазақстан Республикасының соттарының судьяларының мүшесі болып табылмаймын.
Менің ЖСН-ді құзіретті органдарға жабылмаған немесе алынбаған соттылығым, әрекет етуге қабілетсіз, әрекетін шектеу деп тану туралы соттың шешімін белгіленген заң тәртібімен анықтауға сұраныс жіберу үшін пайдалануға келісімімді беремін.
201__ жыл «____»____________ _________________________
(өтініш берушінің қолы)
Өмірбаяндық мәліметтер:
Туған күні 19 _____ жыл «____» _______________
Жеке сәйкестендіру нөмері (ЖСН)_________________________________________
Ұлты* _______________________________
Партияға мүшелігі* _____________________________________________________________________
Білімі _________________________________________________________________
Мамандығы _________________________________________________________________
Жұмыс орны немесе айналысатын ісі ____________________________________________________
Иеленген лауазымы __________________________________________________________
Жеке куәлігінің мәліметтері __________________________________________________
(жеке куәліктің нөмері, кіммен және қашан берілді)
Комиссия құрамын қалыптастыратын мәслихат орналасқан әкімшілік-аумақтық бірлікте тұратын 18 жастан асқан жақын туыстары туралы мәліметтерді ұсынамын**.
Ескерту:
*Қазақстан Республикасының Конституциясының 19-бабы 1-тармағына сәйкес ұлттық және партиялық тәуелділігі қалауына байланысты көрсетіледі.
** Сайлау комиссиясының құрамына жақын туыстары (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды.
Өтінішке қосымша
Жақын туыстары туралы мәліметтер __________________________________________________________________
(өтініш берушінің Т.А.Ә.)
р/с |
Жақын туыстарының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) |
Ескертпе |
|
1. |
|
әкем |
|
2. |
|
шешем |
|
3. |
|
ұлым |
|
4. |
|
қызым |
|
5. |
|
аға-інілерім |
|
6. |
|
әпеке-сіңлілерім |
|
7. |
|
атам |
|
8. |
|
әжем |
|
9. |
|
немерем |
|
10. |
|
жұбайым (зайыбым) |