
- Деректерді салыстыру не үшін қажет?
А.Ж.: Бүгінде Қазақстанда мекенжай анықтамасы, қағаздағы үй кітапшасы жоқ. Аталған мемлекеттік қызметтер электронды түрде, «ақпаратты қарау» нысанында көрсетіледі. Мәліметтерді салыстыру сайлау тізімдерін жасау кезінде қажет азаматтардың тұрғылықты жері бойынша тіркелгені туралы жеке тұлғалардың дерекқорын жаңарту үшін қажет.
- Жеке тұлғаның мекен-жай деректерін қалай тексеруге болады?
А.Ж.: ХҚО-ға барып, электронды үкімет порталындағы мәліметтердің дұрыстығын тексеруге болады. Ол үшін www.egov.kz сайтына кіріп немесе тіркеліп, одан кейін «Азаматтар» - «Мекенжайлық ақпарат» бөлімінде «Жеке тұлғаның мекенжай деректерін тексеру» қызметін таңдау керек немесе жеке кабинеттен көрсеңіз болады, ол да порталда орналасқан.
- Деректер қате болса не істеу керек. Мысалы, мен бір көшеде тұрамын, бірақ базада басқа мекенжайда тіркелген болса?
А.Ж.: Тұрғылықты жері бойынша тіркелгені туралы мәліметтер болмаған жағдайда мемлекеттік органдардың электрондық деректер базаларындағы мәліметтерді жаңарту қажет. Сәулет және қала құрылысы бөлімінен алынған жылжымайтын мүліктің мекенжайы үшін Тіркеу коды жоқ болуы мүмкін, содан кейін көрсетілетін қызметті алушылар Алматы облысы, Талғар қаласы, Лермонтов көшесі, 53А үй мекенжайында орналасқан Талғар аудандық Халыққа қызмет көрсету бөлімінің операциялық залына жүгініп «Қазақстан Республикасының аумағындағы жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын анықтауға анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті алады.
- Ақпаратты жаңартуға кім құқылы?
А.Ж.: Жылжымайтын мүлік иесі (меншік иесін сәйкестендіру үшін жеке куәлігіңіз болуы қажет) немесе жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін құжаттармен нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша өкілі өтініш бере алады. Мекенжайлық ақпаратты жаңарту үшін жылжымайтын мүліктің иесіне және жылжымайтын мүлік мекенжайы бойынша тіркелген тұлғаларға жүгініу қажет.