Ұлы Отан соғысының ардагері, Сталинград шайқастарының қатысушысы, жерлесіміз — Легостаев Вячеслав Федоровичтің туған күніне орай Талғар ауданының әкімі Қ. Абдыханов батырлық пен жанқиярлық танытқан тұлғаны осындай айтулы күнімен құттықтауға шешім қабылдады. Вячеслав Федорович 99 жасқа толды.
Және де аудан әкімі Вячеслав Федоровичтың 100 жасын аудан деңгейінде атап өтетінімізді айта кетті.
Үлкеннің жолы, ағалық ақылы - асыл қазынамыз. Өмірден көргені мен түйгені көп ақсақалдарымызды ардақтау басты парызымыз.