25 қазан күні елімізде жарқын болашаққа бет алған халқымыздың басты мерекесі - Республика күні.

25 қазан күні елімізде жарқын болашаққа бет алған халқымыздың басты мерекесі - Республика күні.

Бұл күн биыл Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың бастамасымен еліміздің ұлттық мерекесі қатарына қайта қосылды.

Шарада аудан әкімі Қ. Абдыханов сөз сөйлеп, барша аудан тұрғындарын мерекемен құттықтады.

Мерекелік іс-шара барысында ауданның дамуына үлес қосқан бірнеше тұлғалар марапатталды. Сонымен қатар, аудандық қоғамдық келісім төрайымы Ж. Бұтабаеваға құттықтау сөз берілді.

Іс-шарада Талғар ауданының көркем өнерпаздары әншілері мен бишілері, Халықтық “Әжелер шуағы" ансамблі мен " Ардагерлер хоры” және Мейрамбек Беспаевтің төл шәкірті Раиым Уайыс өнерлерін паш етті.

МЕРЕКЕ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!