Құрметті Талғар ауданының тұрғындары!

Құрметті Талғар ауданының тұрғындары!

Егемен еліміз осы жылдан бастап 25 қазан күні салтанатты түрде Ұлттық мереке — Республика күнін атап өтеді.

Сіздерді мемлекетіміздің әр азаматы үшін айтулы — Республика күнімен құттықтаймын! Бостандық пен еркіндіктің бастауы болып табылатын осы салтанатты күнде сіздерге игілік пен бақыт, бақ-дәулет, ырыс тілеймін. Қазақстанның тұрақты дамуы мен кемелденуі жолындағы еңбектеріңіз табысты, барлық бастамаларыңыз сәтті болсын!

Республикамыздың осындай биіктіктерді бағындыруына барлық адамдар сүбелі үлес қосып келеді. Болашақ ұрпақтың ырысы ортаймасын, намысы тапталмасын деп көксеген ата-бабамыздың арманы орындалған осы шақта баршаңызға бақыт, байлық, береке тілеймін.

Еліміздің ертеңі жолындағы еңбегіміз жана берсін! Республика күніне орай шын жүректен шыққан ыстық ықыласымды қабыл алыңыздар.