Құтқарушылар күні қарсаңында «Өрт қауіпсіздігі куні» атты акция өткізілді

Құтқарушылар күні қарсаңында «Өрт қауіпсіздігі куні» атты акция өткізілді

19 қазан – Құтқарушылар күні қарсаңында, Талғар ауданының ТЖБ қызметкерлерімен «Өрт қауіпсіздігі куні» атты акция өткізілді. Аталған акцияға полиция қызметкерлері, әкімшілік және қоғам қайраткерлері жұмылдырылды. Оқыту барысында, әкімшілік ғимараттарда, өрт кезеңіндегі және ТЖ кезіндегі іс-әрекеттер, балалардың терезеден құлауы, балалардың отпен ойнауы, және жарақаттануды алдын алу жайында дәрістер мен нұсқамалар өткізілді. Сонымен қатар, жылыту маусымында өрт қауіпсіздік талаптары айтылды.

Тұрғын үй секторында өрттердің пайда болу себебі көптеген жағдайларда өзгеріссіз қалды, ол баяғы, сол бір адам факторы болып табылады. Өрттің жиі таралу себептерінің мұны, өкінішке орай, өзімізде. Үйдегі ескі электрсымдарының ұшқынына кім кінәлі? Бұл қолдан жасалған, сонымен қатар газ және электр жабдықтарының ақаулары бар ма? Кез-келген қоқыспен бітелген пеш құбырлары ұзақ уақыт бойы моржа тазалаушымен тазартуды қажет етеді, жанғыш сұйықтықтар үйлерде сақталады және белсенді қолданылады.

Құрметті Талғар ауданының тұрғындары! Есітеріңізде болсын, бірлесіп біз сіздің үйлеріңізде өрттің пайда болуын болдырмауға, сондай-ақ улы газдан улану қаупін барынша азайтуға болады. Тұрғын үй секторында өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұраймыз.

 

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі