Жамылғы тақпайтын құтқарушылар.

Жамылғы тақпайтын құтқарушылар.

Отты мамандықтың батыры кім? Сіздерге осы сұрақтың жауабын жеткізу үшін «Kazakhstan Firefighters Week» челленджін іске қостық. Бүгін мен әріптестерім туралы, қарапайым және қадір-қасиетті адамдар туралы айтқым келеді. Олардың әрқайсысы нағыр ерлік және асыл іс жасады. Мен олардан әр бір өрт сөндіру және адамдарды құтқару фактісі туралы сұрағанда, осындай сәттерде оларды не жетелейтінін білгім келді. Даңқылы немесе ерекшелі болғысы келді ме, немесе «жоғары» көрінуі ма? Бірақ мен, олар Жарғыға, ар-ождан мен адамгершілік қасиеттерге сәйкес өмір сүретінін және жұмыс істейтінін түсіндім. Олар біздің заманымыздың батырлары.

«Тәуіп» орталық базарында өртті сөндіру.  2022 жылғы 07 сәуірінде Талғар ауданының Талғар қаласының "Тәуіп" базары жанғаны туралы хабарлама түсті. Өрт орнына келген соң 220 бутиктері жанғаны анықталды, бүкіл қарауыл қалған сауда бутиктеріне қауіп төндіретін өртті жан-жақты сөндірді, өрт сөндірушілер бутиктерге отты тарауына жол бермеді. 6 сағат өртпен күрес өз нәтижесін көрсетті, өрт толық жойылды.

«Евразия» сауда орталығында өртті сөндіру.  2022 жылғы 05 қыркүйегінде Талғар ауданының Гульдала ауылындағы "Евразия" сауда орталығының жанғаны туралы хабарлама түсті. Өрт орнына келген соң 600 шаршы метрде дүкен, дәріхана және қойма жанғаны анықталды, бүкіл қарауыл қалған басқа ғимараттарға қауіп төндіретін өртті жан-жақты сөндірді, өрт сөндірушілер оттың тарауына жол бермеді. 3 сағат өртпен күрес өз нәтижесін көрсетті, өрт толық жойылды.

 

Әр өрт, әр ТЖ жағдайы әрқашанда белгісіз,  қауіпті. Қызметкерлерде әскери рухты, жанқиярлық пен патриотизмді тәрбиелеу бөлімшелер басшыларының басты міндеті болып табылады. Құтқарушы және Өрт сөндіруші тек өзінің кәсіби және ішкі қасиеттерін жетілдіретін адам ғана бола алады, ар – намыс пен ар-ождан деген сөз-бос сөз емес, өмірлік моральға сәйкес өмір сүретін адам ғана бола алады.

 

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі