Мемлекет басшысы экономикалық даму, мемлекеттік басқару ісін жаңғырту, өнеркәсіпті күшейту, білім және ғылым, мәдениет, бизнес салаларына айқын тоқталды. Үкіметке түрлі тапсырма берді.
Президент жолдауынан:
• ең төменгі жалақы 70 мың теңгеге дейін өседі;
• бала күтіміне берілетін төлем бір жарым жасқа дейін ұзартылады;
• ұлттық қор табысының 50 пайызы балалардың есепшотына жиналады;
• әйелдердің зейнетке шығу жасы 61-ге дейін төмендейді;
• қаңтар оқиғасына қатысушыларға рақымшылық жарияланады;
• шетелден әкелінген көліктер 200-250 мың теңгеге заңдастырылады;
• биыл кезектен тыс президент сайлауы өтеді;
• президент өкілеттігінің мерзімі 7 жыл болады, бірақ қайта сайлануға тыйым салынады;