
Аталған іс-шаралар Талғар қаласы, Павлова мекен-жайында орналасқан 5
қабатты жатақханада өткізіліп, жатақхана тұрғындаына эвакуациялау
жолдарын жауып алмау, сонымен қатар ас үйде тамақ дайындау үшін газ
баллондарын (пропан) пайдаланбау, пәтерлердегі, жатақхананың
кіреберісіндегі сымдар мен розеткалар, бұзылған электр құралдарын
пайдаланбау жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Көрсетілген
кемшіліктер бойынша жатақхана иесіне және тұрғындарға нұсқама берілді.
«Жатақхана» профилактикалық іс-шарасының нәтижесінде 48 пәтер, 73 тұрғын
қамтылды. 120 парақшалар мен брошюралар таратылды. Бұл бағыттағы
жұмыстар жалғасуда.