
Талғар ауданының әкімі Абдыханов Қайдар Алиханұлы Талғар қаласында орналасқан №25 мектеп-гимназиясының мәжіліс залында білім беру қызметкерлерінің тамыз кеңесіне қатысып, мұғалімдерді алда келе жатқан жаңа оқу жылымен құттықтады.
Талғар аудандық білім бөлімінің басшысы Садвақасова Қарлыға Айсабекқызы "білімнің басты құндылықтары: отаншылдық, білімге құштарлық, еңбекқорлық" тақырыбында баяндама жасады.
Талғар қаласындағы №2 орта мектебінің директоры Укеева Райхан Тоқтарқызы "білім берудің басты құндылықтары негізінде тұлғаның дамуы және қалыптасуы бойынша мектептің жұмыс жүйесі" тақырыбында баяндады.
Талғар қаласындағы №1 орта мектебінің қазақ тілі пәнінің мұғалімі Бауыржан Майтай "мектепте оқушыларды білім беру арқылы еңбекқорлыққа, Отан сүйгіштікке, білімге дәріптеу тақырыбында баяндады.
Талғар қаласындағы №7 орта мектеп лицейіндегі оқушының ата-анасы Орымбаева Ақерке Абуталипқызы "Келешектің тұтқасы - білімді ұрпақ" тақырыбында өз ойын айтты.
Бесағаш ауылдық округі, №45 мектеп гимназиясының химия пәнінің мұғалімі, жас маман Кеңесбеков Дастан "Балалардың білімге құштарлығын арттыру - еліміздің дамуының негізгі шикізат көзі тақырыбында баяндама жасады.