
Бақыт Қуатбекұлы 1990 жылы 9 маусым күні дүниеге келген. Білімі жоғары, 2011 жылы экономист-аудитор, 2016 жылы жобалық басқару мамандығы бойынша білім алған.
Еңбек жолын 2008 жылы Талғар аудандық қазынашылық басқармасының жетекші маманы болып бастаған.
2009 – 2012 жылдары Талғар аудандық қазынашылық басқармасының бас маманы қызметін атқарған.
2012 жылы Алатау ауылдық округі әкімі аппартының бас маманы лауазымында жұмыс істеген.
2012 жылы "Аграрлық несие корпорациясы"АҚ несие маманы,
2013-2015 жылдары Бесағаш ауылдық округі әкімі аппартының бас маманы, Талғар қаласы әкімі аппаратының бас маманы, аудандық экономика және бюджеттік жоспарау бөлімінің бас маманы лауазымын атқарған.
2015- 2020 жылдары Талғар қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарған.
2020-2022 жылдары "Nur Otan" партиясының Талғар аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары,
2022 жылдан бүгінгі күнге дейін - "AMANAT" партиясы Талғар аудандық филиалының атқарушы хатшысы лауазымында болған