31 – мамыр Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алуға арналған іс-шара өтті.

31 – мамыр Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алуға арналған іс-шара өтті.

Бүгін Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары Тұрлашов Лаззат Махатұлы, Талғар ауданының әкімі Абдыханов Қайдар Алиханұлы, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Жөргенбаев Жанболат Әкебайұлы, Алматы облыстық мәслихат хатшысы Жарасбаев Даулет, Талғар аудандық мәслихат хатшысы Алибеков Мұхит Бейсенбекұлы Талғар ауданы, Жаңалық ауылында саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алуға арналған іс – шараға қатысып, гүл шоқтарын қойды.
Іс – шара барысында: Филология ғылымдарының докторы,профессор «Әділет» республикасының қоғамдық бірлестігінің төрағасының орынбасары Әнес Ғарифолла Ғабдолқадырұлы, Қоғам қайраткері, жазушы, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Марат Тоқашбаев, Қоғам қайраткері Мұхаметжан Тынышбаевтың жиен немересі Нұршәкен Жүнісқызы сөз сөйледі.
Аталған іс – шарадан кейін саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған музейде кітаптардың тұсаукесері және Жаңалық ауылында «АЛАШ АРЫСТАРЫ» атты жаңа мешіттің салтанатты ашылуы өтті.
Кітап атаулары:
Жетісудағы тәркілеу – Қастек көтерілісі. 1928 жыл», «Жетісу өлкесіндегі империялық-полицейлік қадағалаудың тарихы», «Жетісудағы аштық»)