Құрметті ұстаздар мен ата-аналар, мектеп бітірушілер.

Құрметті ұстаздар мен ата-аналар, мектеп бітірушілер.

Сіздерді бүгінгі "Соңғы қоңырау" мерекесімен құттықтаймын!
Соңғы қоңырау - барлық мектеп мерекелерінің ішіндегі ең әсерлі, ұмытылмас қоңырау.
"Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға" -дегендей, сіздердің жас ұрпақтың санасына енгізетін тәлім- тәрбие мен үлгі өнеге өлшеусіз екені анық. Сіздер жастардың болашағын айқындайсыздар, білім беруде талмай еңбек етесіздер. Еңбектеріңіздің жемісін көресіздер.
Олай болса, ұстаздар мен ата-аналарға ерекше алғысымды білдіргім келеді!
Ал, бүгінгі бітіріп жатқан түлектеріміз ҰБТ-дан жақсы балл алып, қалаған оқу орнына түсулеріңізге шын жүректен тілектеспін.