
«Qazindustry» АҚ және «QazTrade» АҚ мекемелері индустриялық-инновациялық субъектілерді мемлекеттік ынталандыру бойынша Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің операторы болып табылады.
Семинар барысында мемлекеттік ынталандыру шаралары мен салаға жаңа тәсілдер, «Qaztrade сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ тарапынан экспорттаушы компанияларды мемлекеттік қолдау шаралары түсіндірілді.
Шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін Еуропалық қайта құру және даму банкінің мамандары «ЕҚДБ бағдарламасы бойынша бизнесті дамыту мүмкіндіктері» жобасы бойынша кеңестер берді. Сондай-ақ олар экспорттаушылардың консалтингтік қызметтерге жұмсайтын шығындарының бір бөлігін жабу бағдарламасын түсіндірді.
Кездесу нәтижесінде QazIndustry ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін ауданның бірнеше өндірістік кәсіпорындарын аралады.