Талғар ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы «КММ» Талғар ауданының сот орындаушыларымен бірлесіп, Талғар ауданының кәсіпорындарында тұрақты жұмыс орындарына орналастыру мақсатында алимент бойынша берешегі бар жұмыссыз азаматтар үшін «Бос орындар жәрмеңкесін» өткізді.

Жәрмеңкеде 6 ұйымның өкілдері қатысып механизатор, гидротехник, прораб, агроном, есепші, сатушылар, күзетшілер, жүргізуші, бригадир, жол жұмысшылары, жүк тиеушілер, мамандықтары бойынша бос жұмыс орындарын ұсынды.
Сонымен қатар, 75-95 адам көлемінде жұмыссыз азаматтар шақырылып, оларға 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамытудың ұлттық жобасы шеңберінде жұмыспен қамтудың белсенді шаралары ұсынылды.
Бүгінгі таңда, ауданда 170-ке жуық бос жұмыс орын бар. Жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркелу үшін халықты жұмыспен қамту орталығына жүгінуге немесе «EGOV» порталы арқылы онлайн режимде тіркелу қажет.
@czn_talgarhttps://www.instagram.com/p/CcnMF4Ig8aH/