1 Наурыз - Алғыс айту күні

1 Наурыз - Алғыс айту күні

Құрметті Талғарлықтар!

Баршаңызды Алғыс айту күні мерекесімен
шын жүректен құттықтаймыз!

Кешірім – адамгершіліктің арқауы болса, алғыс айту – берекелі бірліктің бастауы. 1 наурыз – бұл ең алдымен Елбасының бейбітшілік пен келісім саясатының салтанат құрған күні. Осы сәтті пайдалана отырып, ел Тәуелсіздігін нығайтуға, оның қуатын арттыруға айрықша үлес қосқан барша азаматтарға шынайы алғысымызды білдіреміз.

Баршаңызды мерекемен құттықтап, зор денсаулық, бірлік пен береке тілейміз!

Мереке құтты болсын!