
29 наурыз күні Талғар қаласындағы агробизнес және менеджмент колледжінің мәжіліс залында аудандық ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: Жаңару мен жаңғыру жолы» атты Қазақстан халқына Жолдауы, ұлтаралық қатынас, «Өскелең ұрпақты түрлі діни ағымдардың идеологиясынан сақтандыру» тақырыбында кездесу өтті. Оған Талғар қаласы әкімінің орынбасары М.Бақтыбаев, аудандық қоғамдық келісім кеңесінің төрайымы Ж.Бутабаева, ауданның бас имамы Н.Керімбеков, орталық мешіттің имамы Қ.Тайшықов, діни бірлестіктермен өзара іс-әрекет және ведомствоаралық өңірлік қызметті қамтамасыз ету бөлімінің Талғар ауданы бойынша дінтанушысы Б.Құдайбергенов, агробизнес және менеджмент колледжінің директоры Ж.Сатылғанов қатысып, студенттерге ауқымды баяндамалар жасалды. Сонымен қатар, интернет терроризмге қатысты видеороликтер көрсетілді. Қатысушылар саны – 180 адам.