ӘЗ-НАУРЫЗ – РУХАНИ БІРЛІКТІҢ БЕРІК ДІҢГЕГІ

ӘЗ-НАУРЫЗ – РУХАНИ БІРЛІКТІҢ БЕРІК ДІҢГЕГІ

🌿Құрметті отандастарым! 🌿

  Еліміздің мерейін өсіріп, бар болмысымызды айшықтайтын Наурыз мерекесі құтты болсын! Наурыз әрбір отбасына бірлік пен қуаныш, құт-береке, бақыт пен молшылық әкелсін! Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!

🌸 Биылғы Наурыз ерекше! Өйткені, біз биыл оны көпшілікпен бірге тойламақшымыз! Екі жыл қатарынан ауру есеңгіретіп, елді мерекесінен, берекесінен айырды. Биылғы Ұлыстың ұлы күні расымен ұлы күн болып тарихымызға жазылмақ!

🌺 Ендеше осы мереке басқа да мерекелердің жалғасы болсын! Одан әрі думанға айналсын! Әр отбасына амандық-саулық , тыныштық, бақ-береке тілеймін.

☘️ Сіздерге деген құрметпен, Талғар ауданының әкімі Қайдар Әбдіханов!