
🌿 Көктемнің келгеніне, әсіресе, мына біздер, ерлер қуанамыз! Өйткені, күн жылынып қана қоймай, аналарымыз, сүйіктілеріміз, қарындастарымыз, жалпы әйелдер қауымы ерекше жайнай түседі! Күндей жарқырап, табиғатпен бірге ерекше сұлуланып кетеді! Содан біздерден сыйлық тосады. Бірақ, біздер сіздерге қандай сыйлық сыйласақ та, ол біздегі сыйлыққа жетпейді! Ол сыйлық – Сіздерсіздер! Біздің өмірге жан бітіріп, ұрпағымызды жалғастырып, тәрбиелеп, айналамызды гүлдендіріп, нұрландыратын мына Сіздерсіздер! Әйелдер - бізге табиғаттың берген ең үлкен сыйы!
🌸 Құрметті арулар! Сіздерді ең әдемі мереке - 8 наурыз күнімен құттықтаймын! Көз алдымызда гүлдей жайнап жүре беріңіздер! Сіздерге қарап, біздер, ер-азаматтар, күш жинаймыз, қиындықтарды жеңеміз!
Сіздерге деген құрметпен, Талғар ауданының әкімі Қайдар Әбдіханов.