
Мемлекет Басшысының Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық жоспарды іске асыру мақсатында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қазақстан Республикасының 2022-2026 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлық саясатының тұжырымдамасы, сондай-ақ оны іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарын әзірледі.
Барлығымызға белгілі, Мемлекет басшысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы ымырасыз іс-қимыл бойынша жұмыс басталғанын атап өтті.