ЖАҢА ЖЫЛ ЖАҢА БАҚЫТ ӘКЕЛСІН!

ЖАҢА ЖЫЛ ЖАҢА БАҚЫТ ӘКЕЛСІН!

Талғар ауданының әкімі  Қайдар Алиханұлы Әбдіхановтың Жаңа 2022 жылмен құттықтауы!

Құрметті Талғар ауданының тұрғындары!

Бірнеше сағаттардан кейін тағы да бір жыл артта қалып, Жаңа 2022 жылға қадам басамыз!

Әр Жаңа жылда біз тек жақсылықтан үміттенеміз! Бір-бірімізге тек денсаулық, бақыт, сосын барып табыс тілейміз! Әсіресе қазір «денің сау болсын!» деген тілектің маңызы зор!

Қандай қиындықтардан, сынақтардан өткеніміз ол тек сіз бен бізге ғана аян! Өтіп бара жатқан жыл біздерге үлкен сабақ болды. Біріміз қаржылық қиындықтарға тап болдық, енді біріміз жақындарымыздан айырылдық…

Бірақ, жақсылықтар да болды! Біз қиындықтарды өткере білдік! Достығымыз, әріптестігіміз нығая түсті!

Сіздерге Жаңа 2022 жылда, біріншіден, денсаулық тілеймін! Бала-шағамыз аман болсын! Қиындықтар біздерге тосқауыл болмасын, керісінше, намысымызды қамшылап, ауызбіршілігімізді арттырсын!

Жаңа жыл құтты болсын!