
Талғар ауданының әкімі
Қайдар Әлиханұлы Әбдіхановтың
16 желтоқсан – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен құттықтауы
Қымбатты жерлестер!
Рухы күшті ел - алынбайтын қамал.
Осындай рухы күшті елдің ұрпағы болғанымыз - бәріміз үшін үлкен бақыт. Тәуелсіздік біздің алдымыздан жарқын болашаққа жол ашып берді. Біз сол жолдан ешқайда бұрылмай, алға аса береміз деп сенім білдіргім келеді.
Отбасыларыңызға амандық, мол бақыт, баянды да ұзақ ғұмыр тілеймін.
Ұлы жолдағы сапарымыз сәтті, болашағымыз жарқын болсын!
Мәңгілік Еліміздің абыройы асқақ, Тәуелсіздігіміздің тұғыры берік болсын!
Тәуелсіздік күні құтты болсын!