
Талғар қаласындағы жаңа мектептің құрылысы аяқталуға жақын. Мердігер компанияның мәліметіне қарағанда, жұмыстың 91% атқарылды.
Құрылыстың барысын Талғар ауданының әкімі Қайдар Әбдіханов @akim_abdykhanov бақылап қайтты. Өңір басшысы бастауыш пен жоғары сынып бөлмелеріне кіріп, жиһаздардың жай-күйін тексерді. Қазіргі кезде инженерлік желілдерді іске қосуға әзірлеп жатыр. Ішкі әрлеу және сыртқы абаттандыру жұмыстары да жүруде. Мердігер жаңа мектепті осы жылдың желтоқсан айында пайдалануға береміз деп жоспарлап отыр.
Айта кету керек, жаңа мектептің құрылысымен 3 ауысыммен оқыту деген болмайды. Жаңа мектепке ата-аналардың өтінішімен балалар қабылданады. Қазіргі кезде тізім жасалуда.