
53,5% дауысқа ие болған Қайрат Исабаев Талғар қаласы әкімінің сайлауында жеңіп шықты. Талғар аудандық сайлау комиссиясының мәліметі бойынша, барлық сайлаушылардың 58% сайлауға келді. Талғар қаласы әкімінің лауазымына 3 үміткер таласты. Абзалбек Сағымбекұлы сайлау қорытындысы бойынша 35,3% дауыс жинады, ал Ұлан Қызайбекті халықтың 7,7% қолдаған. Барлығына қарсы - 1,6%.