
200-ден астам отбасы жаңа баспанаға қол жеткізеді. Талғар қаласында 9 қабатты несиелік 3 үйдің құрылысы басталды. Пәтердің жалпы саны 216. Бір үйдің шұңқыры қазылып қойды. Енді екі үйдің шұңқырын қазу жұмыстары жүріп жатыр. Бетон құю жұмыстарынан соң биіктігі 1 метр фундаменттік плитасын құюға дайындық басталады. Содан кейін қабырғасын сала бастайды. Жаңа пәтерлер “Нұрлы жер” бағдарламасы аясындағы “Шаңырақ”, “Бақытты отбасы”, “7-20-25”бағдарламалары арқылы аудан азаматтарына беріледі. Келесі жылға тағы 5 үйдің құрылысы жоспарланған. Құрылыс аудан әкімі Қайдар Әбдіхановтың жеке бақылауында.