Аудан әкімі білім күнін ауыл оқушыларымен бірге қарсы алды!

Аудан әкімі білім күнін ауыл оқушыларымен бірге қарсы алды!

Талғар ауданының әкімі Қайдар Әбдіханов шалғайдағы Дәулет ауылына барып, ауыл оқушыларын білім күнімен құттықтады. Ауыл мектебіндегі мерекеге айтпай барған аудан басшысы мектеп табалдырығын жаңадан аттаған 1-сынып оқушыларына ізгі тілегін айтып, әрқайсысының қолына Әліппе ұстатты. Ауыл тұрғындары бұл күні аудан әкімін мектепте кездестіреміз деп күтпеген. Сондықтан болса керек, оқушылар мен ата-аналар, ұстаздар қауымы аудан басшысын ауыл мектебінде көріп, қуанып қалды. Жоғары сынып оқушылары да әкімнің назарынан тыс қалмады. Аудан басшысы жаңа өмірге қадам басқалы жатқан мектеп бітірушілерінің сынып сағатына қатысып, жастарға алдағы сынақтан сүрінбей өтіп, мемлекет мүддесі үшін мамандық таңдауда сәттілік тіледі. Аудан әкімі мектептің өзекті мәселерін де қарады. Мәселен, асхана. 2020 жылдың қаңтарында жер асты суының көтерілуіне байланысты, асхананы су тасып, біраз әбігерге салған болатын. Қазір онда жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Оқушылар уақытша асхана ретінде қамтылған бөлмелерде тамақтанады. Жөндеу жұмыстары осы айдың аяғында аяқталады. Екінші мәселе, ол спорт алаңы. Жоғарыда айтылған себеп салдарынан баскетбол алаңының шеті ойылып, түсіп кеткен. Сонымен қатар, волейбол алаңындағы төсеніш ажыратылған. Олқылықтарды жою үшін әкім тиісті мамандарға тапсырма берді. Айта кету керек, бүгін аудан әкімінің баласы да мектеп табалдырығын аттады.