
Санақ қорытындысынан мемлекет қандай деректерге ие болады?
2021 жылғы Ұлттық халық санағы аясында азаматтарға олардың экономикалық әлеуметтік жағдайы, тұрғын үй жағдайларының жай күйі және т.б. туралы 91 сұрақ қойылады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының басшысы Нұрболат Айдапкелов хабарлады.
Халық санағын өткізу үшін, 91сұрақтан (69 сұрақтан және 22 нақтылаушы сұрақтан) тұратын санақ парақтары әзірленді. 8 сұрақ бірге тұратын отбасы мүшелеріне қатысты болады!
8 сұрақ және 3 сұрақ – тұрғын үй жағдайы, 60 сұрақ жеке басына қатысты болады және т.б.
Ол дәстүрлі көрсеркіштермен қатар 2021 жылғы санақтың санақ парақтарына жаңа сұрақтар енгізілгеді. Оның ішінде: респонденттің халықты санау кезіндегі орналасқан жері, өмір сүру мүмкіндігінің шектелуі (көру қиындығы, есту қиындығы, жүру кезіндегі қиындықтар, есте сақтау немесе назар аудару қиындықтары); ҚР аумағында уақытша тұру үшін басқа елден келуі; келу мақсаты және басқа да бірқатар мәселелер.
Сұрақтардың жеке блогы COVID-19 ауруымен вакцинация және пандемияның табыс деңгейіне әсері туралы болады.
Санақ парақтарына көші-қон жөніндегі (Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуы жоспарлау, негізгі себептері мен мерзімдері туралы) неке жағдайы туралы (қазіргі, немесе қайта некеге тұру туралы); Жұмыспен қамту жөніндегі (уақытша жұмыспен қамтылмау себептері, жұмыстан тұрақты тұратын жеріне оралу кезеңділігі туралы) тілдерді меңгеру дәрежесі туралы, діни ұстанымы туралы сұрақтар енгізілген.
Санақ қорытындысы бойынша халықтың саны мен жыныстық – жас құрылымын бағалау үшін бастапқы база қалыптасады, халықтың әр түрлі әлеуметтік- демографиялық топтарының жағдайын сипаттайтын ақпарат, демографиялық және әлеуметтік – экономикалық көрсеткіштердің есептері жүргізіледі.
Санақ қорытындысы экономикалық болжау, жұмыспен қамту саласындағы саясатты анықтау, басқа да әлеуметтік бағдамаларды құру, сондай-ақ мемлекеттік билік органдарының функцияларын орындау, ғылымды және бүкіл қоғамды ақпараттық қамтамасыз ету үшін пайдаланылатын болады.
Бұдан бұрын хабарланғандай, 2021 жылғы Ұлттық санақтың негізгі кезеңі 1 қыркүйек пен 30 қазан аралығында өтеді. Оған онлайн режимінде де дәстүрлі түрде де қатысуға болады.
2021 жылғы халық санғының ұраны – «Қазақстанда әркім маңызды!
В Казахстане каждый важен!».