
Халық санағы не үшін қажет?
Ұлттық халық санағының қорытындылары бойынша алынған деректер экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларды әзірлеу, жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік саясатты нақтылау үшін пайдаланылатын болады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының басшысы Нұрболат Айдапкелов хабарлады.
«Ұлттық халық санағының қорытындысы бойынша 2021 жылдың желтоқсанында халықтың жалпы саны бойынша жедел деректер дайындау жоспарлануда. 2022-2023 жылдар аралығында 10 тақырыптық жинақ (қысқаша қорытынды, халық ұлттық құрам, көші-қон, білім беру, неке және отбасы, үй шарушылығы, жұмыспен қамту, табыс және өмір сүру көздері және тұрғын үй сипаттамалар) әзірлеу жоспарланған, олар 386 кестеде көрсетілген көрсеткіштерді қамтиды, - деді Бюро басшысы.
Сондай-ақ өңірлік жинақтар қалыптастырылып, электрондық форматта жарияланады.
«Елде кезекті санақты өткізу елдің әкімшілік – экономикалық ақпаратты кең ауқымда алуға және басқа елдердің, бірінші кезекте ЕАЭО бойынша серіктес елдердің санақтарының деректерімен салыстырмалы деректерді алуға мүмкіндік береді», - деп атап өтті Айдапкелов.
Сондай-ақ санақ қорытындысы бойынша халықтың санымен жыныстық - жас құрылымын бағалау үшін бастапқы база қалыптастырылатын болады, халықтың әр түрлі әлеуметтік- демаграфиялық топтарының жағдайын сипаттайтын ақпарат, демаграфиялық және әлеуметтік- экономикалық көрсеткіштерді есептеу жүргізіледі.
«Үшіншіден, санақ қорытындысы экономиқалық болжау, жұмыспен қамту саласындағы саясатты анықтау, басқа да әлеуметтік бағдарламаларды құру, сондай-ақ мемлекеттік билік органдарының функцияларын орындау, ғылымды және бүкіл қоғамды ақпараттық қамтамасыз ету үшін пайдаланылатын болады», - деп қорытындылады Ұлттық статистика бюросының басшысы.
Бұдан бұрын хабарланғандай, 2021 жылғы Ұлттық санақтың негізгі кезеңі 1 қыркүйек пен 30 қазан аралығында өтеді.Оған онлайн режімінде де, дәстүрлі түрде де қатысуға болады.
2021 жылғы халық санағының ұраны – «Қазақстанда әркім маңызды! В Казахстане каждый важен!
Санақ қорытындысынан мемлекет қандай деректерге ие болады?
2021 жылғы Ұлттық халық санағы аясында азаматтарға олардың экономикалық әлеуметтік жағдайы, тұрғын үй жағдайларының жай күйі және т.б. туралы 91 сұрақ қойылады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының басшысы Нұрболат Айдапкелов хабарлады.
Халық санағын өткізу үшін, 91сұрақтан (69 сұрақтан және 22 нақтылаушы сұрақтан) тұратын санақ парақтары әзірленді. 8 сұрақ бірге тұратын отбасы мүшелеріне қатысты болады!
8 сұрақ және 3 сұрақ – тұрғын үй жағдайы, 60 сұрақ жеке басына қатысты болады және т.б.
Ол дәстүрлі көсеркіштермен қатар 2021 жылғы санақтың санақ парақтарына жаңа сұрақтар енгізілгеді. Оның ішінде: респонденттің халықты санау кезіндегі орналасқан жері, өмір сүру мүмкіндігінің шектелуі (көру қиындығы, есту қиындығы, жүру кезіндегі қиындықтар, есте сақтау немесе назар аудару қиындықтары); ҚР аумағында уақытша тұру үшін басқа елден келуі; келу мақсаты және басқа да бірқатар мәселелер.
Сұрақтардың жеке блогы COVID-19 ауруымен вакцинация және пандемияның табыс деңгейіне әсері туралы болады.
Санақ парақтарына көші-қон жөніндегі (Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуы жоспарлау, негізгі себептері мен мерзімдері туралы) неке жағдайы туралы (қазіргі ( немесе қайта некеге тұру туралы); Жұмыспен қамту жөніндегі (уақытша жұмыспен қамтылмау себептері, жұмыстан тұрақты тұратын жеріне оралу кезеңділігі туралы) тілдерді меңгеру дәрежесі туралы, діни ұстанымы туралы сұрақтар енгізілген.
Санақ қорытындысы бойынша халықтың саны мен жыныстық – жас құрылымын бағалау үшін бастапқы база қалыптасады, халықтың әр түрлі әлеуметтік- демографиялық топтарының жағдайын сипаттайтын ақпарат, демографиялық және әлеуметтік – экономикалық көрсеткіштердің есептері жүргізіледі.
Санақ қорытындысы экономикалық болжау, жұмыспен қамту саласындағы саясатты анықтау, басқа да әлеуметтік бағдамаларды құру, сондай-ақ мемлекеттік билік органдарының функцияларын орындау, ғылымды және бүкіл қоғамды ақпараттық қамтамассыз ету үшін пайдаланылатын болады.
Бұдан бұрын хабарланғандай, 2021 жылғы Ұлттық санақтың негізгі кезеңі 1 қыркүйек пен 30 қазан аралығында өтеді. Оған онлайн режимінде де дәстүрлі түрде де қатысуға болады.
2021 жылғы халық санғының ұраны – «Қазақстанда әркім маңызды!
В Казахстане каждый важен!».