«БИЗНЕС ЖӘНЕ ИНВЕСТИЦИЯЛАРДЫ ҚОРҒАУ» жобасы аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы инвестициялық жобаны қолдау туралы келісімге қол қойылды.

«БИЗНЕС ЖӘНЕ ИНВЕСТИЦИЯЛАРДЫ ҚОРҒАУ» жобасы аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы инвестициялық жобаны қолдау туралы келісімге қол қойылды.

Бизнесті және инвестицияларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы қорғау жобасы аясында ағымдағы жылдың 22 маусымында «Қазақстандық лифт компаниясы Казлифт» ЖШС инвестициялық жобасымен келісім жасалды. Естеріңізге сала кетейік, республика бойынша теңдесі жоқ жеңіл және жолаушылар лифтілерін, жүк лифттерін, эскалаторларды, мүгедектер арбаларын шығаратын «LLS Kazakhstan Elevator Group лифт жасау зауытының құрылысы» инвестициялық жобасы Талғар қаласында жүзеге асырылуда. «Kazlift қазақстандық лифт компаниясы» ЖШС - бүкіл Қазақстан бойынша машина жасау және жөндеу филиалдарын, сервистік қызметтерді қамтиды. Жоба кореялық LGS Elevator Korea Co.Ltd. компаниясымен бірлесіп жүзеге асырылуда. Бұл жоба Талғар ауданының экономикасына айтарлықтай үлес қосып, тұрғындарды қауіпсіз әрі сапалы өніммен қамтамасыз етеді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы келісімге қол қою кезінде «Kazlift» ЖШС компаниясының атқарушы директоры Халафов Алиш Айдынұлы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке өзара ынтымақтастыққа шақырғаны үшін ризашылығын білдірді.