«БИЗНЕС ЖӘНЕ ИНВЕСТИЦИЯЛАРДЫ ҚОРҒАУ» жобасы аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы инвестициялық жобаны қолдау туралы келісімге қол қойылды.

Бизнесті және инвестицияларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы қорғау жобасы аясында ағымдағы жылдың 26 ​​мамырында «ГРИН ФЕРМЕР» ЖШС инвестициялық жобасымен келісім жасалды. Естеріңізге сала кетейік, ауданда «3 гектар аумақта қызанақ пен қияр өсіруге арналған өндірістік жылыжай кешенінің құрылысы» инвестициялық жобасы жүзеге асырылуда. Инвестиция көлемі жеке және қарыз қаражаты есебінен 1 млрд. теңгені құрап отыр. Өндірістік қуаты жылына 1100 тонна жаңа піскен қияр мен қызанақты құрайтын болады. Жоғарыда аталған жоба Талғар ауданының экономикасына үлкен үлес қосып, халықты қауіпсіз әрі сапалы өніммен қамтамасыз етеді деп күтілуде.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы келісімге қол қою кезінде «ГРИН ФЕРМЕР» ЖШС компанияларының директоры Владимир Григорьевич Клименко сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке өзара ынтымақтастыққа шақырғаны үшін ризашылығын білдірді, сонымен қатар барлық кәсіпкерлерді адал бизнеске шакырып отыр.