Жаңа тағайындау

Жаңа тағайындау
«Талғар ауданының сәулет және қалақұрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы лауазымына Мұқанов Дәурен Маратұлы тағайындалды.
Дәурен Маратұлы 1991 жылы шілде айында дүниеге келген. Білімі жоғары, өнер бакалавры (сәулет) және құқық магистрі.
Еңбек жолын 2013 жылы Талғар ауданы «Сәулет» ЖШС (жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде) сәулетшінің көмекшісі болып бастаған.
2015 – 2018 жылдары аралығында Талғар ауданы «Сәулет» ЖШС сәулетші лауазымында жұмыс атқарған.
2018 жылдың қаңтар айынан бастап бүгінгі күнге Талғар ауданының сәулет және қалақұрылысы бөлімінің бас маманы қызметінде болды.
Аудан басшысы Қайдар Әбдіханов жаңа басшыны қызмет орнына отырғызып, мекеме жұмысымен танысып, халыққа қызмет ету жолында сәттілік тіледі.