Соңғы аптада коронавируспен ауырғандардың өсу қарқыны Алматы облысында 0,6 процентті құрап, өткен тәулікте 99 жағдай тіркелген.
Белгілі болғандай, мектепке дейінгі мекемелердің, қоғамдық тамақтану объектілерінің, діни ұйымдарының, қоғамдық моншалар мен көліктің жұмысы сағат 17-ге дейін, ойын-сауық объектілері мен мейрамханалардың жұмысы сағат 21-ге дейін келушілер санын ескере отырып шектелді. Демалыс күндері облыста толық локдаун енгізіледі.
"Алматы қаласы мен облыс арасында халық көші-қонының жиілеуіне байланысты қала маңындағы Жамбыл, Қарасай, Талғар, Еңбекшіқазақ, Іле аудандарында ауру деңгейінің біршама өсуі байқалады, бас санитарлық дәрігерлер шектеу шараларын күшейту жөнінде жекелеген қаулылар қабылдады", - деді Баталов.
Өңірде карантин шараларын сақтау жөніндегі мониторингтік топтардың жұмысы күшейтілді.