Ол Байтұрсынов көшесіндегі спорт сарайын бастап - Төле би көшесі - Шығыс айналма автомобиль жолы-Талғар трактісі бойынша қатынайтын болады. Содан кейін Талғарды оңтүстіктен "Бірлік Ақбұлақ” жаңа айналма жолымен айналып өтіп, “Ғұнны” этноауылына, “Алатау” шаңғы-биатлон кешеніне, “Ақ бұлақ” биік таулы курортына және ипподромға барады. Қайтар жолда, ол Бүкіләлемдік бокс академиясынан өтіп, сондай-ақ жоғарыда аталған барлық жерлерге кіреді.