Үйі өртеніп кеткен көпбалалы отбасы баспаналы болды
26 ақпан күні Талғар ауданы Талдыбұлақ ауылында көпбалалы отбасының үйінен өрт шығып, үй толығымен жанып кеткен. Өрт шыққан кезде отбасы үйде болған, қолына ілінген заттарын алып, жеңіл киіммен қашып шығып, аман қалған.
Отбасыда 6 бала бар - үлкені 14 жаста, кішісі - 7 айлық. АСП алады.
Өрттен кейін жанұяға жергілікті әкімшілік пен ауыл тұрғындары, демеушілер және мешіт имамдары тарапынан көмек көрсетілді.
Бүгін жаңа тағайындалған аудан әкімі Қайдар Әбдіханов облыс басшысы Амандық Баталовтың тікелей тапсырмасымен, демеушілердің көмегімен, көпбалалы отбасыға Талғар қаласынан жаңа баспана сыйлады.