Құрметті «Талғар Тұрғын Үй» ЖШС қызметтерін тұтынушылар

Құрметті «Талғар Тұрғын Үй» ЖШС қызметтерін тұтынушылар
Азқамтылған отбасылар (азаматтар) коммуналдық қызметтер мен телефон байланысы қызметтерін төлеу үшін тұрғын үй көмегіне жүгіне алатынын хабарлаймыз. Азқамтылған отбасыларға жиынтық табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен отбасылар жатады – 2021 жылға 34 302 теңге.
❗Тұрғын үй көмегін алу үшін ХҚКО немесе egov арқылы жүгіну қажет❗
Қажетті құжаттар:
1. Өтініш.
2. Өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжат, және оның көшірмесі.
3. Отбасының кірісін растайтын құжаттар (өтініш берудің алдындағы 3 айда отбасының әрбір мүшесінің табысы туралы анықтама).
4. Жұмыс орнынан немесе жұмыссыз адам ретінде тіркелуі туралы анықтама (тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынған мәліметтерді қоспағанда).
5. Балаларға және асырауындағы басқа да адамдарға алименттер туралы мәліметтер.
6. Банк шоты.
7. Тұрғын үйді ұстауға арналған ай сайынғы жарналар көлемі туралы есепшоттар (үйдің жалпы қажеттіліктеріне, үйге қызмет көрсетуге, есептеуіштер, жөндеу, үйдің жалпы коммуналдық қызметтері және т.б жұмсалатын шығындар).
8. Коммуналдық қызметтерді тұтынуға арналған есептеуіштер.
9. Телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек-шот немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі.
10. Жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жергілікті атқарушы орган берген жалдау ақысының мөлшері туралы шот.
Құрметпен, «Талғар Тұрғын Үй» ЖШС