Құрметтi аудан тұрғындары!
Жыл сайынғы барлық деңгейдегі әкімдердің тұрғындар алдындағы есепті кездесулері пандемияға байланысты онлайн режимде өтуде. Соңғы жаңалықтарға байланысты Талғар ауданы әкімінің есепті кездесулерін аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы аудан әкімінің орынбасары Қайдар Әбдіханов өзінің инстаграм парақшасында @zamakimatalgar_abdykhanov 1-5 ақпан аралығында өткізеді (кездесулер кестесі қосымшада көрсетілген).
Онлайн кездесулер форматы: ауылдық округ әкімі мен аудан әкімінің баяндамасынан кейін сіздер өз сұрақтарыңызды қоя аласыздар. Маңызды: сұрақтарды жазған кезде аты-жөніңіз бен мекен-жайыңызды атап өту керек. Бұл сұрақтарды бақылауға алып, хаттамаға толтырғанға қажет.
Сонымен бірге кестеге сәйкес, есепті кездесу болып жатқан ауылдық округке байланысты сұрақтар қоюларыңызды сұраймыз.
Эфирде болу үшін @zamakimatalgar_abdykhanov парақшасына жазылыңыз.