Өткен аптада облыс әкімі Амандық Баталовтың алдында аудан әкімі жылдық қорытынды және келесі жылға арналған жоспарлар жайлы баяндады.
Аудан орталығы Талғар қаласындағы көпқабатты үйлерді орталықтандырылған жылыту жүйесіне қосу бойынша жұмыстар аяқталып қалды. Қазіргі таңда 21 қазандық жұмыс істеп тұр, жыл соңына дейін тағы 11-і іске қосылады. Соның арқасында Талғар қаласындағы бүкіл 142 бесқабатты үйлерге жылу кіреді.
Енді келесі жылға Талғар қаласындағы 26 екіқабатты үйлерді және аудандағы 32 көпқабатты үйлерді (Панфилов, Қарабұлақ, Кеңдала, Ақтас, Бесағаш және Алтын Дән ауылдары) жылытуға қосу мәселесі тұр. Бұл бағытта тиісті жұмыстар жүргізілуде.
Сонымен бірге осы жылы 6 көпқабатты үйлердің құрылысы аяқталып, қолданысқа берілді. Тағы 10 көпқабатты үйлерді салу жобасы бар, келесі жылы соның бесеуінің құрылысын бастауды жоспарлап отыр.