Үстіміздегі жылдың 10 қарашасында сағат 03.40-та Алматы облысы ТЖД-ға Алматы облысы Талғар ауданы Талғар қаласында үйдің өртенгені туралы хабарлама келіп түсті.
Шақырту орнына Талғар қаласындағы №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің 6 қызметкері мен 2 бірлік техникасы дереу жіберілді. Өрт сөндіру бөлімшесінің шақырту орнына келгеннен кейін, тұрғын үйдің толық жануы (көлемі 5х8) орын алғаны және төбелік жабынның құлауы орын алғаны анықталды.
Өрт сөндіру барысында оқиға орнынан үш адамның денесі табылды: 2012, 2001 және 1976 ж.т.
Өрт сағат 04.06-да оқшауланып, сағат 04.50-де толығымен сөндірілді, өрттің көлемі 40 шаршы метрді құрады. Өрттің себебі анықталуда.