Бүгін аудан әкімі Серікжан Ерекешев Бесағаштағы Мәдениет Үйіне жасалынып жатқан күрделі жөндеу жұмыстарымен танысып қайтты. Жұмыстар “Ауыл - Ел бесігі” бағдарламасы аясында жасалуда.
Аудан басшысы жергілікті ақсақалдармен кездесіп, жұмыстар барысын талқылады. Кездесу барысында күрделі жөндеудің орнына жеке экспертиза жасап, ғимаратты толығымен бұзып, орнына жаңа мәдениет үйін салу жобасы ұсынылды.