Аудан әкімінің өкімімен Талғар ауданы әкімінің аппарат басшысы лауазымына Карибаев Мұхит Бақытұлы тағайындалды.

Аудан әкімінің өкімімен Талғар ауданы әкімінің аппарат басшысы лауазымына Карибаев Мұхит Бақытұлы тағайындалды.
Мұхит Бакытұлы 1974 жылы 11 ақпанда дүниеге келген. Білімі жоғары,
2004 жылы, Аль-Фараби атындағы Казак ұлттық университетін заңгер,
2016 жылы, Қазақ ұлттық аграрлық университетін экономика және бизнес бакалавры мамандығы бойынша бітірген.
Жалпы еңбек өтілі - 28 жыл.
Еңбек жолын 1992 жылы Винсовхоз жұмысшы кооперативінің дайындаушысы болып бастаған.
Мемлекеттік қызметтегі еңбек жолын 2002 жылы бастап, Іле ауданының Боралдай кенттік округі әкімі аппаратының бас маманы, әкімінің орынбасары, КазЦИК ауылдық округінің әкімі лауазымдарында қызмет атқарды.
2009-2016 жылдары аралығында Іле ауданының Ащыбұлақ ауылдық округінің әкімі
2016-2019 жылдары аралығында Іле ауданының аудан әкімінің аппарат басшысы
2019 жылдың желтоқсан айынан бастап бүгінгі күнге дейін Іле ауданының Ащыбұлақ ауылдық округінің әкімі қызметінде болды