Жаңа шектеулер 29 қазаннан бастап күшіне енді

Жаңа шектеулер 29 қазаннан бастап күшіне енді
Алматы облысының бас санитарлық дәрігері Ерғали Сыдыманов өңірде қосымша шектеу шараларын күшейту туралы жаңа қаулыға қол қойды. Қаулы 29 қазаннан бастап күшіне енді.
Құжатқа сәйкес, қоғамдық тамақтану объектілерінің (кафе, мейрамхана, асхана, барлар және т.б.) жұмысы 30-орыннан жоғары болған жағдайда тоқтатылады. Жалпы, қоғамдық тамақтану объектілері жұмыс күндері 9:00 – ден 22:00-ге дейін, ал демалыс күндері - тек онлайн жеткізу арқылы жұмыс істейді.
Кезекші топтарды (15 адамнан аспайтын), ойын-сауық объектілерін, сауда объектілеріндегі балалардың ойын алаңдарын, жабық үй-жайлардағы аттракциондарды, бассейндерді, кинотеатрларды қоспағанда, ашық ауадағы кинотеатрларды қоспағанда, мектепке дейінгі ұйымдардың жұмысына тыйым салынады.
Қоғамдық көлік 06:00-нан 17:00-ге дейін кестеге сәйкес жұмыс істейді, қарбалас сәттерде рейстер арасындағы аралық 5 минуттан аспауы тиіс.
Демалыс күндері азық-түлік супермаркеттері мен дәріханаларды қоспағанда, аумағы 2 мың шаршы метр және одан да көп сауда объектілерінің қызметіне тыйым салынады. Сондай-ақ, демалыс күндері жабық базарлар жұмыс істемейді.