Құрметті Талғар қаласының тұрғындары мен қонақтары!
"Бірлік-Ақбұлақ" тас жолында жүргізіліп жатқан жұмыстарға байланысты ағымдағы жылдың 13-18 қазан аралығында Абай көшесі мен салынып жатқан жолдың қиылысында көлік құралдарының қозғалысы тоқтатылатын болады.
Жолдарда кептеліс тудырмау үшін қала тұрғындары мен қонақтарына өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды ұсынамыз.
Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз!