Бүгінгі күнде Талғар ауданында 5 спорт мектебі жұмыс істейді

Бүгінгі күнде Талғар  ауданында 5 спорт мектебі жұмыс істейді
Талғар ауданында жастардың бос уақыттарын тиімді пайдалануы үшін ауданда барлығы 242 спорттық нысан халыққа қызмет етеді. Оның ішінде:3 стадион, 2 спорттық сауықтыру кешені, 9 жүзу бассейні, 63 спортзалы, 56 спорт алаңдары, 57 футбол алаңы, 12 соңғы үлгіде жасалынған шағын-футбол алаңдары, 6 теннис корты, 4 тау шаңғы трассалары, 1 жабық хоккей алаңы, 5 спорт мектебі және т.б. 24 спорттық объекті бар.
Бүгінгі күнде Талғар ауданында 5 спорт мектебі жұмыс істейді:
-Талғар ауданының балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі;
-Андрей Кивилев атындағы велоспорттан облыстық олимпияда ізбасарларын дайындауға арналған арнаулы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі;
-Қысқы спорт түрлерінен облыстық мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі;
-«Ұлттық және ат спорты түрлерінен облыстық мамандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» КММ;
-«Талғар ауданының «Алмалы» балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.