Талғардың спорт мектептеріне жаңа автокөліктер берілді

Талғардың спорт мектептеріне жаңа автокөліктер берілді
Талғардың спорт мектептеріне жаңа автокөліктер берілді
Бүгін Алматы облысының әкімі Амандық Баталов және облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының қолдауымен Талғар ауданының үш спорт мектебіне 5 су жаңа автокөлік берілді. Аталмыш шараға аудан әкімі Серікжан Ерекешев қатысып, көлік кілттерін салтанатты түрде табыстап, облыс басшыларының зор қолдауына алғысын білдірді.
«Талғар ауданының «Алмалы» балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне 20 млн 500 мың теңгеге Hyindai H350 шағын автобусы (17 орынды) берілді.
«А.Кивилев атындағы велоспорттан облыстық олимпиада ізбасарларын дайындауға арналған арнаулы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебіне» -6 млн 250 мың тг. қаражатқа - Lada Vesta, 9 млн 840 мың тг қаражатқа 2 дана – Lada Largus (7 орынды) автокөліктері алынды.
«Қысқы спорт түрлерінен облыстық мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебіне» – 11 млн 500 мың тг. қаражатқа Газель (16 орынды) шағын автобусы алынды.
Қазіргі таңда ауданымыздың жалпы халқының саны 30,0%-і, яғни 62040 адам спортпен шұғылдананды. Оның ішінде жасөспірім спортпен шұғылданушылар саны 19 395, яғни аудандағы жалпы халық санының 9,1% құрайды.
Талғар ауданында жастардың бос уақыттарын тиімді пайдалануы үшін ауданда барлығы 242 спорттық нысан халыққа қызмет етеді. Оның ішінде:3 стадион, 2 спорттық сауықтыру кешені, 9 жүзу бассейні, 63 спортзалы, 56 спорт алаңдары, 57 футбол алаңы, 12 соңғы үлгіде жасалынған шағын-футбол алаңдары, 6 теннис корты, 4 тау шаңғы трассалары, 1 жабық хоккей алаңы, 5 спорт мектебі және т.б. 24 спорттық объекті бар.