Жаңартылған Төңкеріс мектебі

Жаңартылған Төңкеріс мектебі
Жаңартылған Төңкеріс мектебі
Панфилов ауылдық округінде орналасқан Төңкеріс ауылының N23 орта мектебі 1977 жылы салынған. 43 жыл бойы күрделі жөндеу жұмыстарын көрмеген білім ордасы осы жылы “Жұмыспен қамту жол картасы-2020” бағдарламасы аясында толығымен жаңартылып шықты. Күрделі жөндеуге 226 млн 739 мың теңге кетті.
640 орынға арналған мектепте 985 бала білім алуда. Қазіргі таңда 23 кезекші сыныпта 255 бала оқиды. Бұл мектептің басты ерекшелігі - оқушыларының жартысы басқа ауылдардан келіп, тасымалдау арқылы білім алады.
Жақында жаңартылған мектепке облыс әкімінің орынбасары Рустам Алпысбаев арнайы келіп, құрылыс жұмыстарының нәтижесімен танысып қайтты.